Германия канцлері мен ҚХР Премьерінің келіссөздері экономикалық және саяси мәселелерге арналды

АСТАНА. Шілденің 16-ы. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең ГФР канцлері Ангела Меркель және ҚХР Премьер-министрі Вень Дзябао экономикалық және саяси тақырыптарға негізделген келіссөздер жүргізуді бастады, деп хабарлайды «Синьхуа».

Германия канцлері қызметін атқарғалы бері А.Меркель Қытайға осымен төртінші рет келіп отыр.

ГФР канцлері ҚХР-ға төрт күндік ресми сапармен бейсенбі күні түнде келді. Сапар барысында ол, Қытай президенті Ху Цзиньтао және вице-президент Кси Джиньпинмен кездеседі.

А.Меркель Бейжіңнен басқа Қытайдың Шаньси провинциясының солтүстік-батысындағы Ксиань қаласына да барады. Меркель өз өкілеттігін 2009 жылы ұзартқан ГФР-дің бірінші әйел-канцлері болды.

ҚХР сапарынан кейін А.Меркель шілденің 18-інде Қазақстанға келеді.