Германия канцлері пират кейпіндегі суретін жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Германия канцлері Олаф Шольц демалыс күндері жүгіру кезінде алған жарақатын жасыру үшін көзіне қара таңғыш киіп алды. Бұл туралы ол X әлеуметтік желіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

«Мемдерді асыға күтемін. Жақсы тілектеріңізге рақмет. Негізі бұдан да нашар көрінеді», - делінген Твиттерде.

Фото жарияланғаннан кейін көп ұзамай мыңдаған лайк пен пікір жинады. Пікірлердің арасында Германия канцлеріне тезірек сауығып кетуін тілегендер де бар. Федералды үкімет өкілі Стеффен Хебестрейттің айтуынша, фотосурет «Президент алдағы бір-екі аптада осылай жүретіндіктен, жұртшылықтың көзін үйрету үшін» жарияланған.

Шольц жексенбі күнгі кездесулерінен бас тартуға мәжбүр болған. Бірақ бұл оның басқа күндердегі жоспарына әсер етпеді.