ГФР Канцлерінің айтуынша, ұшақ апатының себебін анықтауға Германия, Франция, Испания мамандары жұмылдырылады.
Ұшақ «Дюссельдорф-Барселона» бағыты бойынша әуе рейсін орындауы керек болған. Оның бортында болған жолаушылардың дені Германия азаматы. Франция Президенті Франсуа Олланд ұшақтағы адамдардың барлығы мерт болуы мүмкін деп мәлімдеме жасады.