Германия канцлері АҚШ пен Израильдің стратегиясына күмән келтірді

АСТАНА. KAZINFORM — Германия канцлері Фридрих Мерц АҚШ пен Израильдің Ирандағы әскери операциясының тиімділігіне күмән келтіріп, дағдарыстың ұзарып, күрделене түсу қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды ANEWZ.

Фото: armenpress

— Мен Израиль мен АҚШ-тың қазіргі әрекеттері шынымен де табысқа жететініне сенбеймін. Тұрақты стратегия бар ма немесе ол тиімді жүзеге асырылып жатыр ма деген күмән да жоқ емес, — деді ол.

Мерц екі елдің дағдарысқа терең еніп бара жатқанын ескертті және жағдайдың тез жақсарып кетуін күтудің қажет жоқ екенін айтты.

— Бұл көп уақыт алуы мүмкін және ештеңе жақсармайды, — деп қосты Мерц.

Сонымен қатар, егер мақсат Ирандағы режимді әскери жолмен өзгерту болса, оның орындалу мүмкіндігіне де күмән білдірді.

Айта кетейік, Фридирих Мерц бұған дейін «Германияның бұл соғысқа қатысы жоқ және біз оған араласқымыз келмейді» деп мәлімдеген болатын.