О.Шольц өткен аптада 25 жастағы Ауғанстан азаматы төрт жерден пышақтаған 29 жастағы полицейдің өліміне қатысты пікір білдірді. Үкімет басшысы қайғылы оқиға «барлық Германия халқының жүрегіне жеткенін» айтты.
«Радикалды ислам мен терроризм бізден еркіндігімізді тартып алмақ. Онсыз бізде демократия болмайды», - деді үкімет басшысы.
Қаза тапқан офицердің отбасына, достарына және ең алдымен әріптестеріне сөйлеген сөзінде О.Шольц: «Біз сізді қолдаймыз. Біз полициямызды қолдаймыз», - деді.
Оның айтуынша, Германиядағы мұндай зорлық-зомбылыққа қарсы заңдарды күшейту және полиция қызметкерлерін өлтіргендер толықтай қатаң жазалануы тиіс.
Депутаттарға арналған баяндамада неміс қоғамындағы демократияға қарсы беталыстар, соның ішінде солшыл және оңшыл саясаткерлерге шабуылдардың көбеюі де белгіленді.
О.Шольц қылмыс жасаған адамдарды елден шығару керектігін айтты. Ол Германияның Ауғанстан мен Сирия сияқты елдерге депортациясын қайта бастау мәселесі қызу талқыланып жатқанын айтты.