Газ дағдарысы жағдайында ел электр қуатын өндірудің бұрын шектелген әдісіне тағы жүгінуге мәжбүр. Германия үкіметі көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының жұмысын 2024 жылдың 31 наурызына дейін, ал көмір өндіру қуаттаылығын 2023 жылдың 30 маусымына дейін жалғастыруды мақұлдады.
«Электр энергиясына көмірді қосымша пайдалану газ тұтынуды азайтуға және үнемдеуге бағытталған», - делінген Германияның Экономика министрлігінің мәлімдемесінде.