Германия көне алтын бетпердені Перуге қайтаратын болды
Сикан мәдениетіне тән өнер туындысын Бавария билігі бейсенбі күні Берлиндегі Перу елшілігіне берді.
«Сикан бетпердесі мәселесіндегі қамқорлығы үшін Германия үкіметіне ризамын. Біздің заманымызға дейін 1200 жыл бұрын жасалған бетперде біздің мәдени мұраларымыздың бірі», - деп жазды Перу мәдениет министрі Патрисия Бальбуена Туиттердегі парақшасында.
Перу Сикан бетпердесінің жоғалғаны туралы 1999 жылы мәлімдеген болатын. Сол жылы құнды жәдігерді Интерпол Висбаден қаласында тәркілеген. Мюнхен соты бетпердені Перуге қайтару туралы 2016 жылдың желтоқсанында шешім қабылдаған.
Сикан мәдениеті инктер мемлекетінен бұрын, VIII - XIV ғасырлар аралығында қазіргі Перудің солтүстік жағалауларында өмір сүрді.
Мыстан, алтыннан жасалған жерлеу рәсіміне арналған бетперделер сикандар қоғамының беделді тұлғаларының қорымдарынан табылған.
Жекеменшік неміс коллекциясынан Колумбқа дейінгі 13 құнды мұраны қайтаруға қол жеткізген Эквадор секілді Перу де өз мәдени мұрасын қайтаруға күш салды.