Германия құрамасының бұрынғы футболшысы енді «Атырауда» ойнайды
08:28, 23 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Неміс жартылай қорғаушысы Савио Нсереко «Атырау» футбол клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sports.kz.
"Атырау" клубының кезекті жаңа ойыншысы 24 жастағы неміс футболшысы Савио Нсереко командаға шеткі жартылай қорғаушы болып қабылданды.
Өзінің спорттық жолын «Мюнхен-1860» неміс футбол клубында бастаған. Ал 16 жасында Италияның «Брешия» футбол клубының назарына ілігіп, «В сериясында» сынға түскен.
Италия клубы үшін ойнап жүрген кезінде Германияның жасөспірімдер құрамасындағы жаттықтырушылардың көзіне түсіп, 2008 жылы неміс құрама командасының сапында Еуропа чемпионы атанды.
Көп ұзамай ол Италияның «Фиорентина» командасына ауысты. Ізінше «Болонья» (Италия), «Мюнхен-1860, «Черноморец» (Болгария), «Юве Стабия» (Италия), «Васлуй» (Румыния) командалары сапында ойнады.