«Қазіргі кризис көп дүниеге мұқтаж екенімізді анық көрсетті, яғни азаматтық қорғаныс туралы айтып отырмын. Егер электр жарығы ұзақ уақытқа сөнсе немесе күнделікті өмірімізде басқа бірдеңе болмаса, үйде аса қажетті азық-түліктерді алып қойған дұрыс», - деді неміс министрі.
Германияның ІІМ басшысы жергілікті тұрғындардың назарына төтенше жағдайда бір адамға он күнге қажетті азық-түлік тізімін ұсынды. Ол ұсынған он күндік базалық тамақ қоры мынадай: күніне 2 литр көлемінде сұйықтық, барлығы 20 литр; жарма, астық өнімдері, нан, картоп, макарон өнімдері, күріш: 3,5 кг; көкөністер, бұршақ тұқымдастар: 4 кг; жемістер, жаңғақтар: 2,5 кг; сүт, сүт өнімдері: 2,6 кг; балық, ет, жұмыртқа немесе тұтас жұмыртқа ұнтағы: 1,5 кг; майлар: 0,375 кг.
Германия тұрғыны азық-түлік қорын жоспарлағанда жеке қажеттілігін, диеталық талабы мен аллергиясын есепке алуы тиіс. Дәрі-дәрмектерге қатысты жеке тізім болғаны жөн, олардың арасында ауырсынуды басатын, суыққа қарсы, дезинфекциялық, диареяға қарсы және басқа да дәрі-дәрмектер болуы керек.