Германия өткен жылы босқындар саны үш есеге азайғанын хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ГФР-ға 2016 жылы келген босқындар саны 280 мыңды құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда, үш есе кем. (890 мың). Бұл туралы елдің ІІМ басшысы Томас де Мезьер хабарлады, деп жазады Spiegel Online.

«Бұл Еуропалық одақтың федералдық үкіметі мен билігі қабылдаған шаралар жеткілікті екенін білдіреді», - деді министр.

Ол Түркиямен келісім және «Балқан бағытының» жабылуы босқындар ағынын бақылауға алуға көмектескенін атап өтті.

Мезьердің айтуынша, босқындардың басым бөлігі сириялықтар. Ауғанстан, Ирак, Албания, Эритрея елдерінен де босқындардың топтары бар.

2016 жылғы сәуірде неміс ІІМ басшысы Италияға Жерорта теңізі арқылы Солтүстік Африка елдерінен жаңа бағыт бойынша босқындар жаппай келетінін болжаған.

Бұған дейін бір ай бұрын Түркия мен Еуропа Одағы келісімге келді. Оған сәйкес Анкарада көші-қон ағынын ұстауға 3 миллиард еуро бөлінеді. Түркияға мұның орнына Еуроодаққа кіру келіссөздерін жеделдетуге және ЕО-ға қысқамерзімді сапар үшін визасыз режім ұсынуға уәде берді.

2015 жылы ЕО-да босқындардың ағылып келуінен дағдарыс орын алды, Халықаралы көші-қон ұйымының деректеріне сәйкес, бір жылда Еуропаға миллионнан астам босқындар келген, деп жазды бүгін Lenta.ru.