Германия полициясы әуежай аумағында Pokemon Go ойынын ойнауға тыйым салдыртпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда Әуежай операторлары қауымдастығы мен тәртіп сақшылары әуежай аумағында Pokemon Go ойынын ойнауға тыйым салуға шақырды.

Дүйсенбі күні Оснабрюк қаласының полициясы темір жолда смартфоны арқылы покемон «аулап» жүрген адамды қатерден құтқарып қалған.

Полицияның хабарлауынша, аман қалған 22 жастағы жігіт покемон аулауға жексенбі таңда шыққан.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, соның кесірінен бірнеше пойыз уақытынан кешіккен.

Сонымен қатар, Дюссельдорф қаласында қауіпсіздік мақсатында бірнеше банк ғимаратында аталған ойынды ойнауға тыйым салынған.
Pokemon Go ойыны Германияда биылғы шілде айында пайда болды.