Германия полициясы бір қолы жоқ азаматтан негізсіз айыппұл үшін кешірім сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия полициясы бір қолы жоқ азаматтан негізсіз айыппұл үшін кешірім сұрады. Полиция қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі азаматқа велосипедінде заңмен бекітілгендей екі жылдамдық тежегіші болмағандығы үшін айыппұл жазған екен.

Құқыққорғау органы бұл оқиға өткен соң үш айдан кейін Богдан Ионеску есімді азаматқа 25 еуро ақшасын қайтарып беріп, өздерінің тарапынан ағаттық кеткенін мойындаған. Бір қолы жоқ мүгедек велосипедінде екінші тежегіш болған күнде де қолының жоқтығынан оны пайдалана алмас еді.

Ионеску жергілікті газетке екі-үш апта бойы болған жағдай оған қатты әсер еткенін айтыпты. Ол сақшылардың бұл әрекетінен біраз күйзеліске душар болған көрінеді. Бірақ, кейін полиция жағдайды түсініп, жарымжан азаматтың қаржысын қайтарып берген және өз қателерін мойындап, кешіріп сұраған.