Германия президенті Шольц пен оның үкіметін отставкаға жіберді

Фото: Kay Nietfeld / dpa / Global Look Press)

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа Бундестагтың бірінші отырысы өткен күні Франк-Вальтер Штайнмайер канцлер мен үкіметті отставкаға жіберді. Олар отставкаға кету туралы куәлік алды, бірақ уақытша міндетті атқарушы қызметінде қалады, деп хабарлайды dw.com.

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер федералдық канцлер Олаф Шольц пен оның үкіметінің 14 министріне отставкаға кету туралы куәліктерін табыс етті. Салтанатты рәсім Берлин орталығындағы Бельвю президенттік сарайында өтті. 

ГФР Негізгі заңының 69-бабына сәйкес канцлер мен министрлер жаңа Бундестаг шақырылған күні жұмысын тоқтатады. Оның бірінші отырысы 25 наурызда өтті. 

Алайда Штайнмайер Шольц пен барлық 14 министрден уақытша қызметте тағы бірнеше апта қызметінде қалуын сұрады. Бұл процедура заңмен де қарастырылған.
Канцлер мен министрлер жаңа үкімет жұмысын жаңа үкімет құрылғанша жалғастырады. Фридрих Мерц (Friedrich Merz) бұған дейін оны Пасхаға қарай (20 сәуір) құруға уәде еткен болатын.

Штайнмайер министрлер алдында сөйлеген кезде оларға «алғыс пен ризашылығын» білдірді, Шольцты «ақылдың дауысы» деп атады және канцлер мен үкіметтің, соның ішінде Украинадағы соғыстың салдарын еңсерудегі «орасан күш-жігерін» жоғары бағалады. Шольц пен Штайнмайер бұрын Германияның социал-демократиялық партиясында (ГСДП) партиялас болған. Соңғысы 2017 жылы президент болған соң мүшелігін тоқтатты.

Айта кетелік Германия Парламенті қорғаныс шығындарын ұлғайту туралы тарихи шешім қабылдаған еді.