Бұл жөнінде Швейцарияның қаржы министрі Ули Мауэр хабарлап, бұдан былай Германияның барша келімсектерге құшақ жая қарсы алуды қойғанын атап өтті.
Германия ішкі істер министрлігі де шекарадағы сақшылардың көбейгенін растады.
Мауэрдің айтуынша, Германия билігі Швейцариямен арадағы шекараны күзету үшін қосымша 90 шекарашы мен 40 полиция қызметкерін бөлген.
NZZ am Sonntag газеті Берлин федералды полициясына сілтеме жасай отырып, жыл басынан бері Швейцариядан заңсыз келген 3385 босқынның ұсталғанын хабарлады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40% көбірек.
Өткен жылы Германияға Таяу Шығыс, Африка елдерінен 1 миллионнан астам адам жергілікті соғыстардан, шиеленістерден және экономикалық кикілжіңдерден бас сауғалап келген.