Бұл соманы жарты-жартыдан аймақтар мен федералды билік бөледі. Қажет болған жағдайда көмек пакеті ұлғайтылуы мүмкін. Қаражат, басқалармен қатар, көлік инфрақұрылымын қалпына келтіруге бағытталатын болады.
Еске сала кетейік, шілде айының ортасында Германияның батысы мен оңтүстік-батысында нөсер жауып, салдары су тасқынына әкелген болатын. Рейн Ар мен Мозельдің салалары, сондай-ақ Зауэр, Прюм, Нимс, Киль және Эрфт өзендері арнасынан асты. Апат болған барлық елді мекенде қаза тапқандардың жалпы саны 180 адамнан асты, 750-ден астам адам зардап шекті.