Немістің супермаркеттер желісінің бірі бес антигендік тест-жолақтан тұратын жиынтықты сатуды бастады. Бағасы – 25 еуро. Мамандар 96% сенімді деп бағалаған жедел тесттің нәтижесі 15 минутта көрінеді.
Неміс басылымының жазуынша, Дюссельдорфта таңғы 7.00-де супермаркет ашылар алдында шамамен 100 адам кезекке тұрған. Германияның басқа да азық-түлік дүкендері де жақын арада «жылдам» тесттерді сата бастайды.