Германия тұрғындарының шамамен 70%-ы қаржылық жағдайына алаңдайды

АСТАНА. KAZINFORM — YouGov қоғамдық пікірді зерттеу институтының сауалнамасына сәйкес, 18–29 жас аралығындағы жастардың 75%-ы зейнетке шыққаннан кейінгі қаржылық болашағына алаңдайды, деп хабарлайды DW.

Фото: hurriyetdailynews.com

Германия тұрғындарының 69 жасқа дейінгі бөлігінің 70%-дан астамы осындай қауіп бар екенін айтқан.

Елдегі орташа зейнет жасы шамамен 66–67 жас. Ал 70 жастан асқан азаматтардың тек 55%-ы қазіргі қаржылық жағдайына алаңдайтынын жеткізген.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 73%-ы зейнет жасын одан әрі көтеруге қарсы. Дәл осынша адам зейнетте ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ету үшін айына кемінде 1500 еуро таза табыс қажет деп есептейді.

Айта кетелік Германия ЖІӨ өсімі бойынша болжамын екі есе қысқартқан еді.