Германия тұрғыны көшедегі адамдарға оқ атты

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Неміс полициясы Франкфуртқа жақын жерде орналасқан Швальмталь қаласының көшесінде атыс ұйымдастырған адамнан жауап алуда,

деп  хабарлайды  «Маяк» радиостансасы.  

Қылмыскер  көшедегі кездейсоқ жүргіншілерге оқ  атқан.  Төрт адам оқиға орнында көз жұмып, тағы бірнеше адам жарақаттанған. 

Оқиға орнына  полиция жеткен  кезде,  қылмыскер   өз үйіне барып тығылған.   Ол  үйінде   өзінің  отбасы мүшелерін  кепілдікке  алғаны анықталады.  Полицейлер     әлгімен бірнеше сағат бойы  келіссөз  жүргізіп,  өз еркімен берілуге  үгіттейді.   Ақырында    полицейлерге   берілген  әлгі   азамат,     ажырасу туралы     арыз бермек  болған  әйелінің   шешіміне     ашуланып,  осындай     қылмысқа барғанын мойындаған.