Германия тұтқында болған КСРО әскерилеріне 2,5 мың еуро жәрдемақы төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екінші Ұлы Отан соғысында тұтқынға түскен КСРО Қарулы күштерінің әскери қызметшілері Германиядан 2,5 мың еуро көлемінде біржолғы жәрдемақы ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, біржолғы жәрдемақыны Ұлы Отан соғысы басталған күннен ол аяқталғанша (1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 8 мамырына дейін) Германияның әскери тұтқындарға арналған лагерінде болған әскери қызметшілер ала алады. Мұндай директиваны Германия Федеративті Республикасы халықтық өкілдігінің бір палаталы органы шығарды.

Өтемақы алу үшін жазбаша өтінішхат пен тиісті құжаттар пакеті қажет және олар 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ГФР Орталықтандырылған қызметтер және шешілмеген меншік мәселелері жөніндегі федералдық мекемесіне жіберілуі тиіс.

Егер өтініш беруші дүние салса, бірақ құжаттары көзі тірісінде өткізілген болса, өтемақыны әйелі (күйеуі) немесе балалары ала алады.