Германия жаңа Президентін сайлайды
18:03, 30 Маусым 2010
АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Берлинде мемлекеттің жаңа басшысын сайлау үшін Федеральдық жиналыс құрылмақшы. ГФР Президентігінен үміткерлер оппозициялық социал демократиялық партиясы мен «жасылдар» ұсынған Йоахим Гаук пен үкімет партиясынан кандидат - Төменгі Саксония федеральдық жерінің премьер-министрі Кристиан Вульф болып отыр, деп хабарлайды РБК.
Германияда Федеральдық Президентті осы мақсатқа жиналған Федеральдық жиналыс делегаттары сайлайды. Жиналыстың тең жартысын бундестаг депутаттары құраса, тең жартысын - 16 жер ландтагының сайлаушылары құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Германия президенті Хорст Келер 2010 жылғы мамырдың 31-інде өзінің отставкаға кететіні жөнінде өтініш білдірді.