Олардың қатарында Ұлыбритания, Украина, Молдова және Еуропаның көпшілік мемлекеттері бар. Дегенмен Исландия, Түркия, Беларусь және Ресей елдерінде сағат ауыстырылмайды.
Берлин уақыты бойынша бұл өзгеріс түнгі сағат 02:00-де жүзеге асты. Енді жазғы уақыт кезеңінде Берлин мен Мәскеу арасындағы уақыт айырмашылығы 1 сағатты құрайды. Ал қысқы уақытта бұл айырмашылық 2 сағат болған.
Сонымен қатар, 2025 жылы Forsa жүргізген сауалнамаға сәйкес, немістердің тек 23%-ы уақыт ауыстырудың пайдасы бар деп санайды.
Респонденттердің 74%-ы бұл тәжірибені жоюды қолдайды, ал 30%-ы сағат тілін ауыстырудың салдарынан ұйқының бұзылуы мен көңіл-күйдің төмендеуін сезінетінін айтқан.
Бұған дейін хабарланғандай, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елдегі уақыт белдеуін ауыстырудың салдары туралы зерттеудің аяқсыз қалғанын түсіндірді.