Ғаламтордағы БАҚ хабарлағандай, Саксония-Анхальттағы А38 федералды тас жолында қатарынан 50 көлік, оның ішінде 8 жүк көлігі соқтығысты.
Алдын ала жасалған болжам бойынша, жолдың нашар көрінуі мен көктайғақ апатқа себеп болды.
Қазіргі уақытта оқиға орнына құтқару қызметтері шықты. 4 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, алайда олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Федералды тас жолдың учаскесі екі жақтан да жабылды.