Германияда 65 жастағы әйел төрт балаға жүкті болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда бір әйел 65 жасында жүкті болды, деп хабарлады Vesti.ru.

Аннегрет Рауник бірден төрт нәресте күтіп отыр.

Бұдан басқа, Рауник 13 баланың анасы әрі 7 немересі бар, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Әйел орыс, ағылшын тілдерінен сабақ береді. Тағы да бала көтеруді шешкен ол, жасанды ұрықтандыруға жүгінген.

Рауник он жасар қызының тілегін орындағысы келген. Ол кішкентай інішегі немесе сіңілісі болғанын қатты қалаған. Тексеру барысында дәрігер олардың төртеу екенін айтқанда, қатты шошып кеткенімен, оларды дүниеге әкелуге бел буған.