Қазылар алқасының төрайымы ретінде америкалық актриса Мерил Стрип шақырылды. Ол "Оскардың" үш мәрте иегері.
Негізгі байқауда - 18 фильм. Өзінің жаңа жұмыстарын Дени Коте, Джефф Николс, Томас Винтерберг, Андре Тешине, Лав Диас, Алекс Гибни, Данис Танович, Венсан Перес, Джанфранко Рози және т.б сияқты белгілі режиссерлар ұсынды. Филиппиндік Лав Диастың "Колыбельная скорбной тайне" картинасы сегіз сағат бойы жүреді.
Берлинале 21 ақпанға дейін жалғасады. Сыйлық иегерлері, соның ішінде фестивальдің басты сыйлығы - "Золотой медведь" иегерлерінің есімі 20 ақпанда жабылу салтанатында белгілі болады. Ол дәстүр бойынша Берлинале бас алаңында - Берлинале Паластта өтеді.