Оқиға сағат кеше, сағат 12 шамасында болған. 72 жастағы ұшқыш ұшақты тікелей Рейнланд-Пфальцтағы 62 автобанындағы Шварцбахтальбрюкке көпіріне қондырған. Ұшақ тас жол бойымен келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан, жүргізуші зардап шеккен жоқ.
Ұшақ Франциядан Төменгі Саксонияға ұшып бара жатқанда кенеттен қозғалтқышы істен шыққан. Ұшқыш ұшақты қайда қондыратынын тез арада шешуге мәжбүр болған. Шварцбахтальбрюкке биіктігі шамамен 100 м, ол Шварцбах өзенінің алқабын кесіп өтеді. Автобанда шамамен сағат 18:00-ге дейін көлік қозғалысы толығымен жабылды.