Германияда 8 сағаттық жұмыс кестесін қысқарту ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ГФР үкіметі жанындағы Экономикалық сарапшылар кеңесінің төрағасы Кристоф Шмидт неміс компанияларына бәсекеге қабілеттілікті қолдау үшін икемді жұмыс кестесін енгізу қажеттігін айтты. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

«Жұмыс күнінің таңертең кеңседе басталып, кешке кеңседен кету туралы түсінік ескірді», - деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ, Шмидт сандық технологиялар әлемінде пайда тапқысы келетін фирмалардың оңтайлы болуларына және қызметкерлер командасын жылдам шақыра білулеріне кеңес берді. Ол еңбек заңнамасының реформасындағы жұмыс уақытын жасырын ұзартудан абайлау қажеттігін ескертті.

«Мүмкін, жұмыс берушілер осыны қалайтын шығар, бірақ қазіргі жұмыс уақыты күн сайын және апта бойына икемді түрде жіктелуі қажет», - деп атап өтті сарапшы.