Бұл туралы Кельн соты мәлiм еттi, деп хабарлайды жергiлiктi БАҚ. Дортмунд прокуратурасы бүгiндерi зейнетке шыққан Кельн тұрғынына, 25 адамның көзiн жоюға қатысты және гитлерлiк әскер қатарында жүрiп, жүздеген жазықсыз француздарды өлтiруге атсалысты деген кiнә тақты. Тергеу мәлiметтерi бойынша, ол соғыс жылдары түгелдей бiр ауылды жойып жiберген СС армиясының құрамында болған. Жақын күндерi сот аталған iс бойынша өндiрiстi ашу не ашпау жөнiнде шешiм шығаруы тиiс. 1944 жылдың 10 маусымында СС әскерлерi Орадур-сюр-Гланның 642 тұрғынын өлтiрiп, ауылды өртеп кеткен болатын.
08:53, 09 Қаңтар 2014
Германияда 88 жастағы адамға соғыс жылдарында француздарды өлтiруге қатысты деген айып тағылды
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Германияда Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында Францияның Орадур-сюр-Глан елдi мекенiнiң барлық 624 тұрғынын қырып салған гитлерлiк әскердiң қатарында болған 88 жастағы ер адамға айып тағылды.