Германияның Шверин қалалық прокуратурасының мәліметінше, есімі аталмаған айыпталушы концлагерьде 1944 жылдың 15 тамызынан 14 қыркүйегіне дейін қызмет еткен. Айыпталушының қорғаушысы оның кінәлі еместігін дәлелдеуге тырысып отыр.
Bild газеті айыпталушының аты-жөнін жариялады. Басылымның жазуынша, оның есімі - Хуберт Ц. Газет оның эсэс киімімен түскен фотосуретін жариялады. Хуберт 1920 жылы дүниеге келген. СС-ке мүшелікке жиырма жасында өткен. 1942 және 1943 жылдары Хуберт Ц. Заксенхаузен және Нойенгамме лагерьлерінде санитар болып жұмыс істеп, кейін Освенцимге (Аушвиц) ауыстырылған.