Германияда алғашқы ислам банкі ашылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франкфурт-на-Майнеде Германиядағы алғашқы ислам банкі ашылды. Ол ГФР-де тіршілік кешіп жатқан 5 миллионға жуық мұсылмандарға есептеліп отыр.

Таяуда банк тағы екі қалада - Кёльн мен Дюссельдорфта өз бөлімшелерін ашпақ.

Айта кеткен жөн, мұндай қаржы институттары әлемде көп те емес. Түрлі бағалауларға қарағанда, ислам банкингі активтерінің көлемі 1-ден 2 триллон доллар аралығында.