Германияда алтыннан әлемдегі ең үлкен шақа құйылады

None
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Германияда ең сапалы, 999-шы сынамалы алтыннан үлкен шақа құйылғалы отыр, деп хабарлайды «Маяк» радиостансысы.

Салмағы 104 келіні шамалайтын шақа әлемдегі ең үлкен монета болады. Небәрі 3 данамен құйылатын шақаның құны 3 миллион еуроны құрайтын болады. Алтынның бағасы қалпына келсе, шақаның да құны өсуі мүмкін. Оның сырт бетінде бостандық белгісіне айналып кеткен Бранденбург қақпасы бейнеленбек.