Төтенше жағдай қызметкерлеріне ауыр техника жүргізетін фермерлер де көмектесіп жатыр. Алайда аптап ыстық пен ұзаққа созылған құрғақшылық өртті сөндіру жұмыстарын едәуір қиындатып, жалынның одан әрі таралу қаупін күшейтіп отыр.
Германияның өзге өңірлерінде де экстремалды ыстық салдарынан орман өрті тіркелді. Рейнланд-Пфальц федералдық жеріндегі Трайзен ауылынан шамамен 650 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Өрт сөндірушілер бұл жалын ошағына жақындай алмай отыр, өйткені аумақта соғыс кезінен жарылмай қалған оқ-дәрілер бар. Өткен түні бұл маңда бірнеше жарылыс болды.
Бұған дейін Германияда бір күнде екінші рет температура рекорды тіркелгені туралы хабарладық.