Роберт Кох институтының (RKI) есебіне сәйкес, аптап ыстық әсіресе егде жастағы адамдарға қатты әсер еткен. Ыстықтан көз жұмғандардың басым бөлігі — 85 жастан асқан адамдар. Осы жас тобында шамамен 6300 өлім тіркелген.
12 500 өлімнің шамамен 9600-і маусым айының соңындағы ерекше ыстық кезеңге тиесілі.
2026 жылы ең жоғары температура маусымның екінші жартысында тіркеліп, Германияның көптеген өңірінде ауа температурасы 40°C-қа дейін көтерілді.
Ыстыққа байланысты өлім-жітімнің ұлттық орташа көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 15 жағдайды құрады.
2026 жылғы маусым мен шілде айларында Батыс Еуропада ауа температурасы рекордтық деңгейге көтеріліп, орташа температура 21,62°C болды.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 20-дан астам адам қайтыс болғанын жаздық.