Атом стансасының компьютерлік жүйесі жаһандық желіден оқшауланған және вирустар интернетке қосылмайтындықтан станса жұмысына қауіп төнбеген.
Ядролық отынның орнын ауыстыруға арналған компьютерлік желіден табылған екі зиянды бағдарлама - W32.Ramnit және Conficker вирустары. Бұл вирустар мәліметтер сақталған 18 қатты жады және флешкілерден табылды.
Хакерлер W32.Ramnit вирусы арқылы онлайн-банкинг мәліметтерін жымқырады. Оның түрлі модульдері жүйе интернетке қосылған жағдайда қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді. Conficker 2008 жылы шығып, миллиондаған компьютерге таралған. Көп жағдайда қаржы мәліметтерін ұрлау, ботнет желілерін құру үшін пайдаланылады.
Екі вирус та атом стансасының желісіне айтарлықтай зиян келтірмеген.