Германияда ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтатылды

АСТАНА. KAZINFORM  - Франкфурт әуежайы қар мен қар аралас жаңбырға байланысты  120 рейсті тоқтатты, деп хабарлайды Bild.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Германия әуежайларында ауа райына байланысты рейстер тоқтатылды. Әсіресе Франкфурт әуежайы зардап шекті.

5 желтоқсанға жоспарланған 1090 ұшыр-қонудың 120-сы тоқтатылды, деп хабарлады әуежай операторының өкілі. Ұшу-қону жолақтарын қар басқандықтан көру мүмкіндігі шектелді.

Сонымен қатар ауа райы жағдайына байланысты ұшақтарды көктайғаққа қарсы сұйықтықпен өңдеу процесі ұзағырақ уақыт алады. Жолаушылардан рейс туралы ақпаратты тексеріп, әуежайға қосымша жол жүру уақытын алдын ала жоспарлауға кеңес берілді.

Бұған дейін Қазақстан, Әзербайжан, Израиль, БАӘ және Түркіменстанның әуе компаниялары Ресей бағыттарына рейстерді уақытша тоқтатқан болатын.

Айта кетейік, Германиядағы жәрмеңкеде адамдарды көлікпен таптаған күдіктінің кім екені белгілі болды.