Германияда ауа райы мен жолдың тұрпатына сәйкестендірілетін шиналар шығарыла бастады

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Лейпциг қаласында орналасқан қолданбалы ғылымдар университетінің бір топ ғалымдары профессор Детлеф Римердің жетекшілігімен пайдаланудың кез-келген кейпіне көнетін әлемдегі ең алғашқы «ақылды» шиналарды

шығара бастады. Бұл инновациялық жоба осы аптада өткен әлемдегі ең ірі Ганновердің жәрмеңкесінде таныстырылды.

«Қазіргі таңда көлік басқару барысында жүргізушілер үнемі ауа райы мен жолдың тұрпатына назар аударып, соған лайықты жүру жылдамдығын алуға мәжбүр болып отыр. Әр кезде әрқилы болатын ауа райы мен жолдың тұрпаты біраз қиындықтарды келтіріп, жүргізушінің қозғалысына бөгет болатыны белгілі. Ал қазіргі біздің шығарып жатқан «кез-келген жағдайға иланатын шиналар» бұл кедергілерге тосқауыл болмақ. Атап айтқанда енгізілген электронды сенсорлар арқылы ауа райының қар немесе жаңбыр жауғанына, одан әрі жолдың кедір-бұдырына қарамастан еш қиындықсыз жүрмек. Дөңгелектердің шиналары дәл сол қозғалыстың кезінде (көліктің жүріп бара жатқан кезінде) жағдайға байланысты ауыстырылатын болады.    

Аталмыш «ақылды» шиналарды құру жұмысы әзірге аяқталған жоқ, ғалымдар әртүрлі материалдармен тәжірибе жасап, сынауда. Дегемен Риммердің сөзіне қарағанда, ойлап шығарылған бұл бірыңғай технология патенттеліп қойды, деп хабарлайды РБК.