АСТАНА. KAZINFORM – Германияның шығысындағы Лейпциг маңындағы автобанда қалааралық автобус апатқа ұшырап, кем дегенде бес адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды BBC .
Мәлім болғандай, автобус операторы Flixbus компаниясы болған. Қоғамдық көлік A9 тасжолында күрт оңға бұрылып, бүйіріне аударылды.
Расталмаған мәлімет бойынша, автобус Берлиннен Нюрнберг бағытында жол жүріп келе жатқан, оның соңғы баратын жері Цюрих болуы тиіс еді.
Саксония штатының билігі қаза болғандардың туыстарына қайғырып көңіл айтты.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.