Өйткені, ел билігі оларға әйел үстіне әйел алуға заң жүзінде тыйым салды. Бұл жайында Германия Федеративтік Республикасының әділет министрі Хайко Маас мәлімдеме жасады.
«Германия заңы тарихы тым арыда жатқан салт-дәстүрден жоғары тұрады. Осы елдің азаматтығын алғысы келетін мигранттар мұнда әдет-ғұрыптан бас тартуы тиіс»,- деді министр.
Айта кетейік, Еуропадағы миграциялық дағдарыс кезінде босқындар арасында жасы 16-ға толмаған қыздармен 160 некелесу оқиғасы орын алған екен.