Германияда белгісіз біреу пойыз жолаушыларын пышақтаған

БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Германияда белгісіз біреу жүрдек пойыздағы жолаушыларға шабуыл жасап, үш адамды пышақтаған. Бұл туралы ҚазАқпарат Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


Оқиға сенбі күні Баварияның Жоғарғы Пфальц ауданында Регенсбургтен Гамбургке бара жатқан ICE жүрдек жолаушылар пойызында болды. Күдікті 27 жастағы араб текті жігіт ұсталды. Тергеушілер әзірге лаңкестік әрекет нұсқасын жоққа шығарып отыр. Ер адамның психологиялық проблемалары болуы мүмкін. Куәгерлердің айтуынша, ол өзін дұрыс ұстамаған.

Төтенше жағдай кезінде пойызда 300 адам болған. Bild басылымының хабарлауынша, абырой болғанда Регенсбургтегі футбол матчына бара жатқан Бавария полициясының арнайы жасақтары оқиға орнына таяу маңда болған. Олар тез жетіп, күдіктіні ұстады.

Ал Nordbayern порталы шабуыл жасағандардың екеу екендігін хабарлады.

Германияның ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Хорст Зеехофер полицейлер мен жолсеріктерге алғыс айтты. «Дер кезінде араласудың арқасында басқа адамдардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деген Зеехофердің сөзін келтірді Ішкі істер министрлігінің өкілі Стив Альтер Twitter-де. «Қылмыстың мән-жайы анықталмаған, қазір тергеу амалдары жүргізілуде», — деп атап өткен министрдің міндетін атқарушы.