Германияда өткен тәулікте 2034 коронавирус жұқтырған. Бұл сәуір айының соңынан кейінгі жоғары көрсеткіш.
Вирус жұқтырғандар саны елдің батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Берлинде көп тіркелген. Соңғы мәліметке қарағанда, вирус басталғаннан бері коронавируспен 232 082 адам ауырып, одан 9267 адам көз жұмған.