Германияда бір тәулікте коронавирустан 165 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Роберт Кох институты пандемия тарихындағы антирекорд туралы хабарлады. Бір күн бұрын Германияда КВИ жұқтырғандардың тәуліктік максимумы тіркелді - 33 949 адам, 165 науқас қайтыс болды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Бір апта бұрын 24 сағаттық көрсеткіш 28 037 жағдайды құрады. Осылайша, COVID-19 таралу ауқымы 4 672 368 адамды құрады, өлім саны - 96 192. Коронавирус осындай қарқынмен таралса, жақында жұқпалы ауруханаларда орындар болмайды деп мәлімдейді дәрігерлер. Бүгінгі таңда 12 жастан бастап Германия тұрғындарының 66,8%-ы COVID-19-ға толық егілді.

Оксфордтың американдық зерттеушілері LZTFL1 генін анықтады, олар COVID -19 вирус инфекциясының ауыру ағымының ауыр түрде өту қаупін арттырады деп болжайды.

Геномдық талдау нәтижесінде тыныс алу жеткіліксіздігі қаупінің екі есе артуымен байланысты хромосоманы анықтады.

Ғалымдардың пікірінше, бұл ген Оңтүстік Азиядан шыққан адамдардың 60%-ында және еуропалықтардың тек 15% - ында кездеседі. Бұл Ұлыбританиядағы азиялық диаспораларда өлімнің жоғары деңгейін түсіндіруі мүмкін. Зерттеу жетекшілерінің бірі профессор Джеймс Дэвис жоғары генетикалық қауіп вакцинация арқылы залалсыздандырылуы мүмкін деп санайды.