Германияда босқындар бұрынғы концлагерь ғимаратына жайғасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда бұрынғы концлагерь ғимараты мигранттарды қабылдау орталығына айналды.

Дахау аумағына Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан ағылған босқындар орналастырылған. Жергілікті билік «бұл - уақытша шара» деп ақталып отыр. Өйткені бүгінде келімсектерді жайғастыратын жаңа орындар салу үшін мемлекетте қаражат тапшы көрінеді.

Олар болашақта мигранттарға қолайлы жағдай жасалады деп сендіруде. Айта кетейік, Дахау концлагерін 1945 жылы америкалық әскер азат еткен. 12 жыл ішінде мұнда 40 мыңнан астам адам қаза тауыпты, деп жазады 24.kz .

«Мұнда негізінен еврейлер тұратын. Олар ашық аспан астында жерді тыңайтумен айналысқан. Ал ол ауыр жұмыстардың бірі саналатын. Сол себепті де мұнда кісі қазасы жиі тіркелетін. Дахау үрей мен өлім ордасы болған», - деді Дахау мемориалдық кешенінің басшысы Габриэль Хаммерман.