Белгілі болғандай, Германияда 1 670 дін қызметкері 1946 жылдан 2014 жылға дейін 3677 адамға қатысты сексуалды сипатта қылмыс жасаған. Жапа шеккендердің басым көпшілігі - кәмелет жасына толмаған ұл балалар.
Неміс епископтары конференциясының тапсырмасымен өткізілген 350 беттік зерттеуді үш неміс университеті ұйымдастырған. Құпия құжатты 25 қыркүйекте кардинал Рейнхард Маркс таныстырады деп жоспарланып отыр.