Германияда Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба жарылып, 58 адам жарақат алды

Фото: Bild

АСТАНА. KAZINFORM – Германияның Ханау қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі оқ-дәрілерді залалсыздандыру операциясы бақылаусыз жарылыспен аяқталды, деп хабарлайды BILD.

Сарапшылар тапқан қару өртегіш бомба емес, жарылғыш бомба болып шықты. Одан бірнеше тұрғын үйге зақым келген. 28 пәтер қирап, кем дегенде біреуі тұруға жарамсыз деп танылды. 58 адам жарақат алды.

Жергілікті билік өкілі Маттиас Шайдер сарапшылар снаряд түрін қате бағалағанын мәлімдеді.

Операция алдында су толтырылған контейнерлерден қорғаныс тосқауылы орнатылып, 4 500 тұрғын эвакуацияланды. Алайда, жарылыс күткеннен де күшті болып шықты және су тосқауылын қиратты.

Ханау қаласының мэрі Клаус Камински кейбір отбасылар жақын арада үйлеріне орала алмайтынын атап өтті. Бірақ ең бастысы – барлық тұрғын дін аман.

Еске сала кетейік, бұған дейін Германияда тесілген құбырдан 25 метрлік мұнай бұрқағы атқылағанын жазған едік.