Германияда ер адам екіқабат әйелге пышақ сұғып алды (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия көшелерінде қолына ұзын пышақ ұстаған ер адам екі қабат әйелді өлтіріп, тағы екі адамды жарақаттаған.

Полиция ер адамды қолға түсірді. YouTube желісінің қолданушылары оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген. Роликте ер адамның қашып кетуге әрекет жасағаны көрестіледі, деп жазады РБК.

Айта кетейік, бұл Германияда соңғы аптада болып отырған екінші қақтығыс. 22 шілде күні кешкі уақытта Мюнхендегі «Олимпия» сауда үйі маңында белгісіз біреу оқ жаудырып, 10 адам қаза тапты. Оның ішінде атысты ұйымдастырған жігіт те бар. Белгілі болғандай, оның есімі Давид Сонболи,  иран тумасы, жасы 18-де.   Оқиға салдарынан 9 адам қаза тапты, соынмен бірге шабуылдаушы да өз-өзіне қол жұмсаған.