Германияда Гитлердің «Майн кампф» кітабы қайта басылып шығатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ГФР-дың Мюнхан институты 2016 жылы қаңтардың басында Гитлердің «Майн кампф» кітабын жарияламақ, деп жазады dw.de.

Мюнхен институты (Münchener Institut für Zeitgeschichte, IfZ) Адольф Гитлердің ғылыми пікірлер топтамасы жинақталған «Майн кампф» кітабын шығаруды жоспарлап отыр.

Кітап 2016 жылдың қаңтар айының басында шығады. ГФР басшылығы бүгінгі күнге дейін кітапты қайта жариялауға тыйым салып келген. Алайда, 2015 жылдың аяғында, Гитлердің қаза тапқанына 70 жыл өткен соң авторлық құқықтың әрекет ету мерзімі де аяқталады. Ұзаққа созылған дау-дамайдан кейін ғылыми пікірлер топтастырылған кітапты жариялауға шешім қабылданды.