Фильм Джордж Таборидің 1987 жылы қойылған осы аттас пьесасы негізінде түсірілген. Пьеса сол кезден бері ГФР-да зор табысқа ие болды.
Онда жас Адольф Гитлердің Көркемсурет академиясына түсуге Венаға келуі баяндалады. Ол қаңғыбастар үйіне орналасып, веналық екі евреймен - библия сататын Шломо Херцлмен және өзін құдаймын деп есептейтін жынды Лобковицпен бірге тұрады.
Егде тартқан Шломо жас жігітке барынша көмектесіп, тамақ әзірлейді, кірін жуады, тіпті мұртына дейін қырып береді. Гитлер көркемсурет академиясында емтиханнан екінші рет сүрініп, өзіне қол салмақшы болғанда да Шломо оны сабырға шақырады. Ол Гитлерге өзін саясатта бағын сынауға кеңес береді. Жас Гитлер оның кеңесімен әсіре оңшылдармен тіл табысып, көп ұзамай олардың көшбасшысына айналады.
Гитлер рөлінде жас актер Том Шиллинг ойнайды, ол Гитлердің образына енуі үшін 10 килограмм салмақ жоғалтады және оның сөйлеу мәнерін игереді.
Германияның барлық федералдық жерлерінен 70 сарапшы кіретін кино және медиаөнімдерді бағалау жөніндегі неміс қоғамы фильмді айрықша құнды деп бағалап отыр.