Бұл ірі жол-көлік оқиғасына жолды көзге түртсе көргісіз еткен құйын себеп болған, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, жол апаты Мекленбург - Передняя Померания жеріндегі Росток қаласының оңтүстік жағындағы А19 тас жолында орын алған. Соқтығысып қалғаннан кейін бірнеше көлік жана бастаған. Сәлден кейін жалын 20 көлікті жалмаған, оның ішінде жеңіл тұтанатын материалдар тасып бара жатқан жүк көлігі болған.
Жол апаты мен соның салдарынан орын алған өрттің салдарынан 10 адам қаза тапты.