Рейнланд-Пфальц федералдық жері өкімет орындарының айтуынша, ұсталған адам Германия аумағында содырлардың мүддесіне қызмет еткен. Қылмыскерді жол полициясы құжаттарын тексерген кезде ұстап алды - арнайы бөлімдер басшылығы Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жері аумағындағы түрмелердің бірінен сотталған іздеудегі лаңкес жүргені туралы ақпарат алған.
Тергеушілер радикалды исламшылар футболдан неміс чемпионаты басталуына шабуылдар жоспарлауы ықтимал екенін айтады. Бундеслига матчы 26 тамызда басталмақ.
Шілде айында жиһадшылар Германияға бірнеше рет шабуыл жасады - 19 шілдеде лаңкес Баварияда пойыз жолаушысына пышақпен шабуыл жасады, ал алты күн өткен соң қашқын Ансбах қаласында бомбаны жарып жіберді.