Германияда қала мэрі пышақ шабуылынан бірнеше жарақат алды

Фото: Bild

АСТАНА. KAZINFORM — Германияның Хердеке қаласында (Солтүстік Рейн-Вестфалия) жаңадан сайланған мэр, 57 жастағы Ирис Штальцер асқазаны мен арқасынан терең пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды Bild.

Жараланған Штальцерді өз пәтерінен ұлы тауып алған. Есін жоғалтпас бұрын қала мэрі көшеде бірнеше ер адам шабуыл жасағанын айтып үлгерген. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Айтуларынша оның жағдайы ауыр.

Құқық қорғау жоспары жарияланып, шабуыл жасағандарды іздеу жүріп жатыр.

Тергеу жұмыстары Аса ауыр қылмыстар бойынша арнайы тергеу тобына тапсырылды.

Германия канцлері Фридрих Мерц жедел тергеу жүргізуді тапсырды.

— Біз жаңа ғана сайланған мэр Ирис Штальцердің өміріне алаңдаулымыз және оның толық сауығып кетуіне үміттенеміз. Мен оның отбасы мен жақындарына тілеулеспін, — деп жазды ол X әлеуметтік платформасында.

Ирис Штальцер 28 қыркүйекте өткен муниципалды сайлаудың екінші турында Хердеке қаласының мэрі болып сайланды. Шабуыл оның жеңісінен он күн өткен соң болды.

Бұған дейін Манчестерде ер адам тұрғындарға пышақпен шабуылдады.