Роботтарды қолдану көлік қоятын жерде бос орындардың тез табылуына септігін тигізеді. Ол үшін жүргізуші тек арнайы көлік қоятын орынға келіп, талон алса болғаны. Кейін робот өзі көлікті бос орынға апарып қояды. Ал көлік иесі келген жағдайда робот машинаны әкеліп береді. Осылайша көлік қою орындарында жиі кездесіп жатқан кептеліс те болмайды. Бұндай көлік қою орнының құны адамдар жұмыс жасайтын орыннан қымбат емес.